Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Абай күніне орай Семейде жерлестер форумы өтеді

Абай күніне орай Семейде жерлестер форумы өтеді

10 тамызда Қазақстан Абай Құнанбайұлының туған күнін атап өтеді. Осыған орай бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Атап айтсақ, Семейде Абай күніне арналғанЖжерлестер форумы өтеді. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жергілікті кәсіпкерлермен кездесуде айтты. Оның айтуынша, бұл ұлы ақынның құрметіне аталған облыс құрылғаннан кейінгі Абайға деген алғашқы құрмет. Өңір басшысы форумға түрлі салаларда жетістікке жеткен, туған қаласына деген сүйіспеншілігі мен жаңа өңірдің дамуына қатысуға ниеті бар ірі бизнес өкілдері шақырылатынын атап өтті.