Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

М. Әуезовтың кітабы жарық көрді

М. Әуезовтың кітабы жарық көрді

Мұхтар Әуезовтың Америкаға сапары туралы кітабы жарық көрді.  Жазушы  «Америка әсерлері» атты кітабында АҚШ-тың әртүрлі салалардағы жетістіктерін, табиғатының әсемдігін, америкалықтардың тұрмыс-тіршілігін қағаз бетіне түсірген. Кітаптың тұсаукесерінде Мұхтар Әуезовтың жолсапар жазбаларынан үзінділер оқылды.  Бұл Кеңес Одағы мен АҚШ үкіметінің арасындағы «Мәдени, техникалық және білім саласындағы қарым-қатынас» туралы келісімнің нәтижесі болатын, деп хабарлайды «Хабар 24». 60 жылдан астам уақыт өткен соң АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен ұлы жазушының жазбалары қазақ және ағылшын тілінде басылып шықты. Кітапты қыркүйек айының соңына дейін «Кітап.кз» платформасынан тегін оқуға болады.