Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы байқауына 150-ден астам шығарма түсті

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы байқауына 150-ден астам шығарма түсті

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы байқауына 150-ден астам шығарма келіп түсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Архив және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл 15 маусымда Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев зиялы қауым өкілдерімен, ақын-жазушылар, журналистермен кездесіп, елімізде тұңғыш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы тағайындалатынын жариялаған болатын. Екі айда байқауға қатысу үшін 150 өтінім келіп түсті. Айта кетейік, шығармалар  «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драма», «Үздік аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік комикс» және «Үздік кітап» номинациялары бойынша бақ сынайды.  Әр аталымның жеңімпазына қомақты ақшалай сыйлық беріледі.  Байқауға өтінімдер 1 қазанға дейін қабылданады.