Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада Контитуция күніне орай ұйымдастырылған көрме ашылды

Елордада Контитуция күніне орай ұйымдастырылған көрме ашылды

Елордада «Назарбаев орталығында»  «Ата заң – мемлекеттіліктің арқауы» көрмесі өтуде. Конституция күніне орай арнайы ұйымдастырылған экспозицияда  дала демократиясының алғашқы құқықтық заңдары туралы материалдар ұсынылған. Оның ішінде «Қасым ханның қасқа жолынан» бастап Абай Құнанбайұлының «Қарамола ережесіне дейін, яғни қазақ қоғамындағы маңызды заңдар туралы мәліметтер бар. Егемендік алғаннан кейінгі кезеңді бейнелейтін мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер декөрмеден өз орнын тапты. Сонымен қатар, келушілер биыл 5 маусымда болған референдум туралы баяндайтын толыққанды құжаттарды көре алады.