Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Umai ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Umai ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Umai ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды.  Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Сыйлық Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен жекелеген орындаушыларына 4 бағыт бойынша беріледі: театр өнері; музыкалық-орындаушылық өнер; хореография өнері; бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер. Осы бағыттар бойынша барлығы 19 номинация қарастырылған. Конкурстық іріктеуді жүргізу және сыйлық лауреаттарын айқындау үшін 12 адамнан тұратын сараптамалық  комиссия жұмыс істейді. Өтінімдер 9 желтоқсанға дейін қабылданады.