Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елімізде тұңғыш республикалық ат марафон-бәйгесі өтеді

Елімізде тұңғыш республикалық ат марафон-бәйгесі өтеді

Елімізде тұңғыш республикалық ат марафон-бәйгесі өтеді. Қазақстанның  6 аймағын қамтитын «Ұлы Дала Жорығы» атты тұңғыш жалпыреспубликалық ат марафоны Мәдениет және спорт министрлігі қолдауы және «The Great Steppe Tour» Қоғамдық қоры мен «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтеді. Әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ бұл марафон Ұлы Даланы мекендеген көшпенді халықтың мұрасы ретінде шабандоз мәдениетін Қазақстан бренді ретінде қалыптастыруға негіз болады дейді ұйымдастырушылар. Бұған қоса, марафон отандық туризм мен ұлттық спорт саласын дамытуға тың серпін бермек. Айта кетейік, 17 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының «Қазанат» ипподромында 100 шабандоздың қатысуымен марафонның салтанатты ашылуы болып , 18-29 қыркүйек аралығында марафоншылар елордадан Түркістан қаласына дейін 1200 шақырымнан аса қашықтықты басып өтеді.  Марафон 100 шақырымдық 12 сатыға бөлінген. Еліміздің әрбір өңірінен 1 командадан қатысады.