Ұлттық музейде мектеп оқушыларына арналған жаңа жоба басталды
Ұлттық музейде «Музейдегі мектеп күні» атты мәдени-білім беру жобасы таныстырылды. Бұл іс-шара Қазақстандағы Балалар жылы аясында жүзеге аспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат .Аталмыш жоба музей жәдігерлері мен коллекцияларын пайдалана отырып, 5-9 сынып оқушыларының қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша теориялық білімін практика жүзінде бекітуге бағытталған. Сабақтар offline және online форматта өтеді. Жобаның offline форматы Ұлттық музейдің экспозициялық залдарында жүреді. Интерактивті сабақтарды музейдің зерттеуші ғалымдары, экскурсия жетекшілері елорда әкімдігінің Білім басқармасына қарасты орта мектептердің тарих пәні мұғалімдерімен бірігіп өткізеді. Ал, жобаның online форматы алдын ала түсірілген бейнесабақтар арқылы жүзеге асырылады. Айта кетейік, бейнесабақтардың бағдарламасын музей мамандары дайындаған.