Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстанда «Ең көп ұлтты оркестр» атты  әлем рекорды орнатылды

Қазақстанда «Ең көп ұлтты оркестр» атты  әлем рекорды орнатылды

Елордада жаңа әлем рекорды тіркелді. «Бейбітшілік сазы» атты жобаға 51 елден 75 ұлт өкілі қатысты. Жоба ұйымдастырушысы Дәуіт Шайхисламовтың айтуынша, кастингке 500-ден астам өтініш түскен. Оркестрдің ең жас мүшесі 11 жасар флейташы болды.  Көпұлтты оркестр көне қазақ әні делінетін «Қара жорғаны шырқады. Абайдың «Желсіз түнде жарық айы» мен А. Бородиннің «Игорь князь» операсынан үзінділер орындалды. Айта кетейік, рекордты Гиннестің әлемдік рекордтар кітабының төрешісі арнайы келіп, тіркеді.