Қазақстандық «Ағайындылар» фильмі Германиядағы халықаралық кинофестиваль бағдарламасына енгізілді

Отандық режиссер Дархан Төлегеновтің дебюттік «Ағайындылар» көркем фильмі Германиядағы беделді кинофестиваль бағдарламасына енді. Бұл әлемдегі жетекші инди-фильм фестивальдердің бірі және оны «Еуропалық Санданс» деп те атайды. Кинофорум бүкіл әлемнің тәуелсіз кинематографистерінің шығармашылығын қолдауға бағытталған. Германиядан кейін «Ағайындылар» фильмі Албания мен Ресейде өтетін кинофестивальдерде де көрсетіледі.