Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Лондонда  ағылшын тілінде шыққан «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабы таныстырылды

Лондонда  ағылшын тілінде шыққан «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабы таныстырылды

Лондонда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай конференция өтті. Шарада британиялық шығармашылық интеллигенция ұлт ұстазының өмірбаянымен және еңбектерімен танысып, пікір бөлісті. Сонымен қатар, конференция аясында ағылшын тіліне алғаш рет аударылған «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабының тұсауы кесілді. Кітапты Ұлттық аударма бюросы басып шығарған. Жинаққа қазақ әдебиеті және мәдениеті көрнекті қайраткерлерінің Ахмет Байтұрсынұлы туралы жазған еңбектері енген. Ішінінен Мұхтар Әуезов, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллиннен бөлек, Мәмбет Қойгелді, Дархан Қыдырәлі, Дихан Қамзабекұлы сияқты қазіргі алаштанушы ғалымдардың зерттеулерін де табуға болады.