Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Көркем қала – Алматы» атты мүшәйраға өтінімдеп қабылдау басталды

«Көркем қала – Алматы» атты мүшәйраға өтінімдеп қабылдау басталды

Қала күніне орай Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Қазақстан жазушылар одағымен бірлесіп, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Көркем қала – Алматы» атты ақындар мүшәйрасын өткізеді. Жас ақындар шығармашылығын қолдау және әдебиетті дамыту мақсатында өткізілетін байқауға 16-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады. Мүшәйра шарты бойынша, қатысушылар  Алматы қаласын әсерлі поэтикалық түрде бейнелеп, оның өткені, бүгінгі тыныс-тіршілігін және келешегін көрсетуі керек. Бас назар  өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына аударылады. Шығармалар  18 қыркүйекке дейін қабылданып, 20 қыркүйекте байқау қорытындысы белгілі болмақ. Мүшәйра туралы толық ақпарат әлеуметтік жілелер мен интернет-сайттарда жарияланады.