Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада Әзербайжан Мәмбетовтің мерейтойына арналған «TEАТРALL» фестивалі өтеді

Елордада Әзербайжан Мәмбетовтің мерейтойына арналған «TEАТРALL» фестивалі өтеді

Астанада Әзербайжан Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойы аясында «TЕАТРALL» фестивалі ұйымдастырылады. Бұл туралы елорда Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Камзин мәлім етті. Оның айтуынша, 22-30 қазан аралығында өтетін фестивальге қатысу үшін 25-тен астам өтініш түскен.  Оның ішінде еліміздің әр өңірі мен Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясынан және Түркі мемлекеттерінің халықаралық ұйымынан өтінімдер қабылданды. Шараға республикалық және шетелдік театрлардан 14 спектакль іріктеледі. Қазылар алқасының құрамына Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның белгілі театр қайраткерлері енген, деп қосты ол.