Мемлекеттік академиялық би театры проекциямен балет спектакльдерін ұсынады

26 қыркүйек күні Болат Аюхановтың Мемлекеттік академиялық би театры Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет теарының сахнасында С.Прокофьевтің "Сақтар. Оңтүстік түні" және П.И. Чайковскийдің "Ромео мен Джульетта" спектакльдерін проекциямен бірге қояды. Жаңа маусымда театр , өз жұмысын заманауи мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып бастады. Балет спектакльдерінің фрагменттерін безендіруде негізінен кескіннің жекелеген элементтерін қозғалысқа келтіретін анимация қолданылады. Театрдың бейнепроекциясы бойынша суретші Ербол Бисеновтың айтуынша, балет өнеріндегі бұл жаңашылдық декорацияларға айқындық пен шынайылық береді және спектакльдерді көркем безендіруде мәнерлілікті күшейте түседі.