Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Павлодар аялдамалары кішігірім музейге айналды

Павлодар аялдамалары кішігірім музейге айналды

Павлодарда «Тұлғалар тағылымы» жобасы іске асырылуда. облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының хабарлауынша,  қаладағы аялдамаларда белгілі ақын-жазушылар мен өнер адамдарының шығармашылығы, қоғам қайраткерлерінің мемлекеттің дамуына қосқан үлесі, батырлардың жасаған ерлігі жайлы азды-көпті мағлұмат орналастырылады. Жобаның мақсаты – танымал тұлғаларды қала тұрғындарына насихаттау, өмірбаяндары мен шығармашылығын таныстыру. Қазірдің өзінде Олжабай батыр, Кәукен Кенжетаев, Мұқағали Мақатаев, Мағжан Жұмабаев, Қалмұқан Исабай сияқты тұлғалар жайлы безендірілген аялдамалар бар. Сонымен қатар,  жуырда биыл 150 жылдығы тойланып жатқан Алаштың біртуар азаматы, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы мен ел тарихында елеулі орын алған Шахан Мусин, Рамазан Тоқтаров, Сержан Қанапиянов секілді ірі тұлғалардың өмір жолынан хабардар ететін аялдамалар пайда болады.