Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Астана Балет» симфониялық оркестрі «Есімдер» атты концерт ұсынады

«Астана Балет» симфониялық оркестрі «Есімдер» атты концерт ұсынады

24 және 25 қыркүйекте  «Астана Балет» симфониялық оркестрінің «Есімдер» атты концерті өтеді. Бас дирижер Арман Оразғалиевтың жетекшілігіндегі ұжым әлемдік музыка классикасының жауһарларын орындайды. Атап айтсақ, Д.Шостаковичтің «Мерекелік увертюрасы», П.Чайковскийдің Фортепиано мен оркестрге арналған № 1 концерті мен № 4 симфониясы. Солист –Қазақстанның халық әртісі Жания Әубәкірова. Оркестрдің концертмейстрі Қаламқас Жұмабаеваның айтуынша, маусымашар концертті Қазақстанның жарқын жұлдыздарының бірі, танымал музыкант әрі өнер қайраткері Жания Әубәкіровамен бірге өткізу жас ұжым үшін үлкен мәртебе. Аталған концерт – еліміздің танымал музыканттарымен бірлесе өткізілетін концерттер топтамасының басы болады деп үміттенеміз», - деді ол «Астана балет» театрының Insagram-дағы ресми парақшасында.