Ахмет Байтұрсынұлының кейінге шегерілген 150 жылдық мерейтойының қашан өтетіні белгілі болды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке байланысты кейінге шегірілген Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған шаралар 1 қазанда өтеді. Бұл туралы ұйымдастыру алқасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бағдарлама бойынша Сарытүбек қонысында Ахмет Байтұрсынұлының кесенесіне тағзым жасау, музей-үйдің тұсаукесері өтіп, ас беріледі. Торғай ауылында спорттық шаралар (қазақ күресі, ат жарысы), ескерткіштің ашылуы, реэкспозициядан кейінгі А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби музейінің тұсаукесері, ғылыми-практикалық конференция жоспарланған.