«URKER-2022» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтауға бағытталған «URKER – 2022» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды. Өтінімдер 19 қазанға дейін urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады. Сонымен қатар, биыл 3 арнайы премия бойынша сыйлық табысталады: Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия –бұл баспа БАҚ-тағы үшін жоба, авторлық жоба үшін берілетін Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия және интернет БАҚ-тағы жоба үшін Батыр Қазыбаев атындағы арнайы сыйлық. Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылар енген тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.