Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Кубада «Қазақстан фотосуреттерде» фотокөрмесі ашылды

Кубада «Қазақстан фотосуреттерде» фотокөрмесі ашылды

Куба астанасында «Қазақстан фотосуреттерде» фотокөрмесінің ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Іс-шара қаланың көрікті жерлерінің бірі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы болып табылатын «Ескі Гавананың» тарихи орталығында орналасқан Әулие Франциск Ассизи атындағы кіші базиликада өткізілді. Фотокөрме бағдарламасына табиғат, елорда, еліміздің индустриялық әлеуеті, ұлтаралық келісім, ерекше мәдени дәстүрлер, танымал тұлғалардың спорттық және шығармашылық жетістіктері қамтылған әртүрлі тақырыптағы жүзге жуық фотосуреттер кірді. Қазақстанның Кубадағы елшісі Андриан Елемесов Қазақстан туралы алғаш рет өткізіліп отырған фотокөрме екі халықтың жақындасуына елеулі үлес қосатынын және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтағы маңызды кезең болатынын атап өтті. Алыс географиялық қашықтыққа қарамастан, Қазақстан мен Куба екіжақты қатынастарды дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие екеніне тоқталды. Іс-шара 2023 жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасады.