Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Қаныш» фильмі прокатқа шығады

«Қаныш» фильмі прокатқа шығады

"Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қаныш. Қазына» тарихи телехикаясының негізіндегі «Қаныш» көркем фильмі кинотеатрлардан көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ. Тарихи туынды бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрлар желісі арқылы үлкен экрандардан ұсынылады. «Қаныш» фильмінің сюжеттік желісі – геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген. Жас Қаныштың қазақ халқының басына күн туған – ашаршылық және қуғын-сүргін жылдарындағы геология саласындағы алғашқы қадамдарын баяндайды.  Режиссері - Ерлан Нұрмұхамедов, сценарий авторлары - Әмір Әменов және Ален Рахметалиев. Фильмде Қаныш рөлін Әсет Есжан сомдайды.  Еске салсақ, 6 бөлімді «Қаныш. Қазына» телехикаясын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы 2021 жылы түсірді. Жоба 2022 жылы толықметражды фильм ретінде халықаралық «Кинодағы әдебиет» кинофестивалінде «Үздік фильм» («Best film») жүлдесіне ие болды.