Әлемдік опера жұлдыздары елордада өнер көрсетеді

Португалиялық опера әншісі Сюзана Гашпар, сондай-ақ қазақстандық және әлемдік опера сахнасының жұлдыздары Мария Мудряк пен МедетЧотабаев елордадағы гала концертте өнер көрсетеді. Гала-операда итальян, француз және неміс классикасынан туындылар орындалады. Сонымен қатар, концертттік бағдарламаға қазақстандық композиторлардың да шығармалары енген. Музыкалық кеш маэстро Абзал Мұхитдиннің жетекшілігіндегі «Астана Опера» театрының Симфониялық оркестрі мен хорының сүйемелдеуімен өтеді. 2 ақпанда өтетін шара Қазақстан мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған