"Ақ боз үй» тарихи фильмі көрерменге жол тартты
«Ақ боз үй» атты тарихи фильм көрерменге жол тартты. Кинотуынды жазушы Смағұл Елубай жазған трилогия желісімен түсірілген. Қазақстанның Батысында басталған оқиға Түрікпеннің Қарақұмында, Хорезмде аяқталады. Кинотуынды 1918 бен 1933 жылдар аралығында қасірет шеккен қазақтың қиындықтарын көрсетеді. «Ақ боз үй» трилогиясы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін жайлы кеңестік кезеңде жазылған туынды. Қаламгер Смағұл Елубай бұл шығармасын тарихтың ақтаңдақтарына үңіліп, 1982 -1985 жылдар аралығында жазып шыққанын айтады. Шығарма бертінде қайта өңделіп, басылып шығады. Трилогияның соңғы тарауы 1,5 сағаттық фильмге арқау болған. Тарихи шығарманың желісімен түсірілген көркем туынды 30-наурыздан бастап еліміздің 11 қаласында көрсетіледі.