Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астанада қазақ батыры туралы комикс таныстырылды

Астанада қазақ батыры туралы комикс таныстырылды

Астанада қазақ батыры Есек-мерген туралы комикс таныстырылды. Бұл сценарист Бек-Ата Даниял мен суретші Мағира Тілеубердинаның туындысы. Кейіпкер туралы ақпарат кітаптардан жиналған. Көз майын тауысатын жұмыс бірнеше айға созылды дейді авторлар. Комикс төрт бөлімнен тұрады. Бұл авторлардың алғашқы еңбегі емес. Бұған дейін де қазақ аңыздары мен мифологиясына негізделген бірегей сюжеттер шетелдіктерге таныстырылған болатын. Комикстің негізгі мақсаты – комикс саласын дамыту. Екіншіден, жастарымыздың назарын тарихи тұлғаларға аудару болатын және де осы батырларды сурет арқылы, комикс арқылы көрсеткіміз келген, дейді суретшілер.