Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Үрмелі аспаптарда орындаушыларға арналған Халықаралық академияға өтінім қабылдау жалғасуда

Үрмелі аспаптарда орындаушыларға арналған Халықаралық академияға өтінім қабылдау жалғасуда

Үрмелі аспаптарда орындаушыларға арналған Халықаралық академияға өтінім қабылдау жалғасуда. «Батырхан Шүкенов атындағы Қор» Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының негізінде валторна, тромбон, керней, саксофон және флейтада орындау бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. Өтінімдер Батырхан Шүкенов атындағы Қордың сайтында 10 қыркүйекке дейін қабылданады. Іріктеу нәтижесі 15 қыркүйекте белгілі болады. Оған әр аспап бойынша конкурстық негізде 10 адам қатысады. Академия Алматыда 30 қыркүйектен 4 қазанға дейін өтеді. Үрмелі аспаптарда орындаушыларға арналған Халықаралық академия – Қазақстан, Франция, АҚШ пен Жапонияның жетекші педагогтары жүргізетін шеберлік сабақтарының топтамасы.