Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда Италияның мәдениет институты ашылады

Алматыда Италияның мәдениет институты ашылады

Елімізде италия халқының мәдениет институты ашылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен іс-шара барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Италия Республикасының Министрлер кеңесі төрғасының орынбасары Антонио Таянидің айтуынша,  Италия мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастық өте маңызды. Біз Италияда білім алатын қазақстандық жастарды көбірек көргіміз келеді деген шетелдік министр сондай-ақ, итальяндық студенттердің де Қазақстанға келіп білім алғанын қалайтынын мәлімдеді. Бірнеше аптадан кейін біз Алматыда Италияның мәдениет институтын ашамыз. Бұл аймақтағы алғашқы мәдени ошақ болмақ. Сондай-ақ, біздің мәдени дипломатияны дамытуға ниетіміздің дәлелі», - деді Антонио Таяни.