Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Astana Opera Халықаралық опера академиясы болашақ сахна жұлдыздарын қабылдауда

Astana Opera Халықаралық опера академиясы болашақ сахна жұлдыздарын қабылдауда

Astana Opera Халықаралық опера академиясы бірегей шығармашылық жобаға қатысуға үміткерлерді іріктеу үшін өтінімдерді қабылдауды 10 қыркүйекке дейін ұзартты. Әлемнің түрлі елдерінен келетін талапкерлерді байқаудың үш кезеңі күтеді, соның қорытындысы бойынша қазылар алқасы 10 дарынды жас вокалисті таңдап алады. Олар бір жыл бойы еліміздің бас театрының қабырғасында үздік шетелдік және қазақстандық коучтердің сабақтарында өз шеберліктерін шыңдайды. Astana Opera Халықаралық опера академиясының жастар бағдарламасына іріктеу шарты бойынша тыңдауға қатысуға жоғары, орта-арнаулы (аяқталған/аяқталмаған) музыкалық білімі бар 18-35 жастағы үміткерлер жіберіледі. Сопрано, меццо-сопрано, контральто, контртенор, тенор, баритон, бас секілді әншілік дауыстардың барлық диапазон иелері академия тыңдаушылары бола алады.