Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астана операдағы «Сильфида» балетінің премьерасы

Астана операдағы  «Сильфида» балетінің премьерасы

«Астана Опера» ұжымы Герман Левенскольдтың «Сильфида» балетінің үлкен премьерасына дайындалуда. Бірегей хореографияны елордалық театр сахнасында әлемдік балет жұлдызы, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова қояды. Ол көне балетті үздік классикалық дәстүрлер бойынша ұсынады. Спектакльдің қоюшы дирижері Арман Оразғалиев. Балеттің әсемдігін декорациялар мен костюмдер бойынша суретші Вячеслав Окунев және жарық бойынша суретші Сергей Шевченко жеткізеді.  Премьераны 29-30 қыркүйекте, сондай-ақ 1 және 3 қазанда тамашалай аласыздар.