Алматыда Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсы өтеді

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында қыркүйектің 20 мен 22 аралығында Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсы өтеді. Байқауға еліміздің барлық өңірінен 25 өтінім келіп түскен. Конкурсқа Мәдениет және өнер саласындағы 18 бен 35 жасқа дейінгі дирижерлері және жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурстың басты мақсаты – қазақ дирижерлік өнерін дамыта отырып, дарынды жастардың кәсіби шеберлігін ұштау, аталған салада жаңа есімдерді анықтау және Қазақстанның мәдени имиджін арттыру.