Талдықорғанда Әбілхан Қастеевтің ескерткіші орнатылады
Биыл Талдықорғанда қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің ескерткіші орнатылады. Мүсін қылқалам шеберінің 120 жылдығына орай ашылады
Мерейтой қарсаңында облыста 60-тан аса мәдени шара өтіп, қайталанбас дарын иесінің туған жеріне саяхат ұйымдастырылады. Қазір аймақта дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Әбілхан Қастеевтің туған ауылы Шежінде былтыр екі қабатты мектеп салынды. Білім ордасында әйгілі суретші жайлы материал жинақталып шағын мұражай ашылғалы жатыр.. Жаркент қаласында Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет галлереясы бар. Онда қайталанбас дарын иесінің картиналары көпшілік назарына ұсынылған.
Мерейтойға орай Талдықорғанда кәсіби суретшілердің халықаралық плэнерін өткізу көзделген. Сонымен қатар ғылыми-танымдық конференциясы арқылы Әбілхан Қастеевтің еңбегін зерделеп, кеңінен насихаттау жоспарланып отыр.