Диордың музасына айналған қазақ қызы туралы кітап жарыққа шықты.

Нью-Йоркте әлемге белгілі сән дизайнері Кристиан Диордың музасына айналған қазақ қызы Алла Елшін туралы кітап ағылшын тілінде жарыққа шықты. Авторы – дипломат, профессор Берлин Иришев АҚШ-қа арнайы келіп, көпшілікке туындысын таныстырды. Кітапқа ХХ ғасырда сән әлемінің аңызына айналған ару жайлы тың деректер енген. Нью-Йорк қаласындағы Қазақстанның бас консулдығында «Алла – Диордың жаңа келбеті» кітабы көпшілікке таныстырылды. Бұл – әлемдік сән әлемін тәнті еткен Алла туралы бесінші кітап. Бұған дейін орыс, француз және қытай тілдерінде жарық көрген. Бірақ ағылшын тіліндегі нұсқасы – бұрынғы кітаптардың аудармасы емес, түпнұсқа», – дейді басылым авторы. Онда қазақ аруының Америкадағы сапарлары жайлы тың деректер қамтылған