Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Біз біргеміз: 10 республикалық арнаның тікелей эфирінде жалпыұлттық телемарафон өтеді

Біз біргеміз: 10 республикалық арнаның тікелей эфирінде жалпыұлттық телемарафон өтеді

30 сәуір күні 10 республикалық арнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді. Мұндай марафон елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Телемарафонның басты кейіпкерлері — табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар. Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытқан ел тұрғындары бар.