Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Бірлік мерекесіне арнау

Бірлік мерекесіне арнау

«Астана Опера» Қазақстан халқының бірлігі күні театрдың Үлкен залы сахнасында М.Әуезовтің либреттосына А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» ұлттық операсын ұсынады. Осылайша, 1 және 3 мамыр мерекелік атмосферада жас солистердің маңызды дебюттері орын алады, ал спектакльдер театр дирижері Элмар Бөрібаевтың жетекшілігімен өтеді.

Айта кетейік, Абайдың басты партиясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев пен Талғат Мұсабаев өнер көрсетеді. Опера труппасының жетекші солистері ынтымақ-бірлігімізді сақтап, бір-біріміздің салт-дәстүрімізге құрметпен қарау маңыздылығын атап өтті.