Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Түркияда Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай кеш өтті

Түркияда Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай кеш өтті

Анкарада қазақ прозасына ерекше леп әкелген жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай мерейтойлық кеш өтті. Секен Тұрысбеков жетекшілік ететін «Ақжауын» камералық оркестрі концерт қойды. Сазгердің өзі «Көңіл толқыны», «Ақ жауын» туындыларын орындап, жүрттың қошеметіне бөленді. Кеште Соқпақбаевтың қазақ және түркі әдебиетіне қосқан үлесі айтылып, қаламгердің шығармашылығы дәріптелді. Мерекелік шара еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы және Түркиядағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен өтті.