Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алан Бөрібаевтың Венгриядағы жетістігі

Алан Бөрібаевтың Венгриядағы жетістігі

«Астана Опера» театрының бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев Венгрия астанасы Будапеште М.Мусоргскийдің «Борис» Годунов» әйгілі операсының он спектаклін ұсынды.

Венгрия мемлекеттік операсында әлемге әйгілі қазақстандық маэстроның басқаруымен өткен қойылым премьерасы үлкен қоғамдық резонанс пен венгриялық көрермендердің зор қошеметін туғызып, еуропалық басылым беттерінде театр сыншыларының жоғары бағасына ие болды.

Еске сала кетейік, Алан Бөрібаев – классикалық өнер әлеміндегі айтулы тұлға. Маэстро әлемнің әр қиырындағы көрермен қауымның сый-құрметіне әлдеқашан ие. Ал оның Будапештте Сергей Прокофьевтің «Соғыс және бейбітшілік» операсымен өткен дебюті сыншылар мен әккі көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.