Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Берлинде өткен көрмеде қазақстандық суретшінің картиналары ұсынылды

Берлинде өткен көрмеде қазақстандық суретшінің картиналары ұсынылды

Германия астанасында Денница бейнелеу өнері фестивалі аясында қазақстандық суретші Мадихан Қалмахановтың туындылары таныстырылды. Бұл фестиваль Берлиндік галерист Алексей Шрайнердің бастамасымен төртінші рет өткізіліп отыр. Көрмені ашқан фестиваль негізін қалаушы  отандасымыздың «Аңшылық натюрморт» картинасын ерекше атап өтіп, оны көрменің жауһары деп атады. Аталмыш еңбек көрермендерді киіз үйдің дәстүрлі безендірілуімен және көшпенділер өмірімен таныстырады. Сонымен қатар, өнер сүйер қауым қарағандылық суретшінің тағы екі картинасын – ашық қызыл анар мен шырынды жеміс натюрмортын тамашалады. Фестиваль барысында Украина, Қазақстан, Болгария және Молдова сияқты алты елдің суретшілерінің барлығы 80-ге жуық картиналарын ұсынды. Көрме шілде айының соңына дейін жалғасады.