Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда «Жібек жолы үні» халықаралық музыкалық фестивалі өтеді

Алматыда «Жібек жолы үні» халықаралық музыкалық фестивалі өтеді

Алматыда алғаш рет «Жібек жолы үні» халықаралық музыкалық фестивалі өтеді. Іс-шара мамыр айының 22-25 жұлдызы аралығына жоспарланған. Оған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше 9 елдің әлемдік деңгейдегі музыкалық продюсерлері мен талантты өнерпаздары қатысады. Шоу аясында Франция, Марокко, Эстония, Италия, Германия сынды мемлекеттердің жетекші музыканттары өнер көрсетеді. Сонымен қатар бірқатар ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойлады деп күтілуде. Бұл туралы Бейжіңде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Хатшылығында өткен брифинг кезінде белгілі болды. Фестиваль Қазақстанның ұйымға төрағалығы аясында ұйымдастырылады. Ол халықтар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға бағыттылаған. Қазақстан осы арқылы саяси-экономикамен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды да дамытуды көздеп отыр.