Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауына өтінім қабылдау басталды

«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауына өтінім қабылдау басталды

«Тұмар» - 2024 ұлттық телевизиялық байқауына өтінім қабылдау басталды. tvtumar.kz сайтында өтініш қабылдау 10-шы маусымға дейін жалғасады. Байқауға 2023 жылдың 1 қаңтары мен 2024 жылдың 13 мамыры аралығында қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

Айта кетейік, «Тұмар» ұлттық байқауы алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Байқаудың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияның дамуын ынталандыру.