Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ескі картон қорапты өнер туындысына айналдырған суретші

Ескі картон қорапты өнер туындысына айналдырған суретші

Алматылық студент Рауаж Жарылқасынов кәдімгі картон қиындыларынан портрет жасайды. Жас суретші ерекше туындыларын әлеуметтік желіде жариялап, танымалдыққа ие болды.

22 жастағы Рауаж Жарылқасыновтың айтуынша, отбасында өнерге жақын ешкім жоқ. Сурет салуға деген қызығушылығы бала күнінде басталған. Әуелде теледидардан өзіне ұнаған мульфильм кейіпкерлерін қағазға түсіріп жүрген.

Өнерпаздың сөзінше, сурет өнеріндегі басты қағидасы – еркін идея.

Әлеуметтік желіде 1 млн-нан астам оқырманы бар жас суретшінің арманы болашақта өзінің жеке көрмесін өткізу.