Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда "BankRBKClassicMusic" халықаралық музыка фестивалі өтеді.

Алматыда

Алматыда маусым айының 7, 8 және 9-шы күндері бұрын-соңды болмаған мәдени шара Bank RBK ClassicMusic классикалық музыка концерттер топтамасының премьерасы өтеді. Аталмыш шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында өтеді деп жоспарланып отыр.
Айтулы шара Халықаралық классикалық музыка фестивалі форматында өтеді. Мәдени шараның ерекшелігі де осы да.
Фестивальдің мазмұнды бағдарламасында сан алуан жанрлар, түрлі кезеңдердегі стильдер, премьералар мен көркемдік идеялар тоғысады. Қазақстанның үздік орындаушылары Оңтүстік Америка мен Еуропаның елінен келген музыканттарымен бір сахнада өнер көрсетеді.
Фестивалдің көркемдік директоры әлемге танымал скрипкашы және дирижер-Арман Мұрзағалиев