Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Канн фестивалінде «София» қазақ-түрік фильмі көрсетілді

Канн фестивалінде «София» қазақ-түрік фильмі көрсетілді

Канн кинофестивалінде режиссер Төлепберген Байсақалов пен режиссер Дарья Дуничтің бірлескен «София» қазақ-түрік фильмінің әлемдік тұсаукесері өтті. «София» фильмі – уақытына, жасына, әлеуметтік жағдайы мен орнына қарамастан, бәрімізді біріктіретін эмоциялар мен қарым-қатынастарды көрсету, жанның тереңіне үңілу әрекеті, деп атап өтті фильм авторлары. Негізгі түсірілім Ыстамбұлдағы Қара теңіз жағалауында болса, фильмнің шағын бөлігі қазақ ауылында түсірілген. Басты рөлдерді Түркиядан келген актриса Яна Рай мен режиссердің өзі Төлепберген Байсақалов сомдады. Күзде фильм Қазақстанда кеңінен прокатқа шығады деп жоспарлануда.