Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстандық скрипкашы Ұлыбританияда өткен беделді халықаралық байқаудың финалына шықты

Қазақстандық скрипкашы Ұлыбританияда өткен беделді халықаралық байқаудың финалына шықты

Скрипкашы Руслан Талас Queen Elizabeth халықаралық музыкалық байқауының финалистері қатарына кірді. Соңғы нәтижелер келесі аптада белгілі болады. Қазақстандық 25 жастағы жас өнерпаз бірнеше рет ірі халықаралық байқаулардың лауреаты және дипломанты атанған болатын. Сөйтіп, 2022 жылы WorldVision байқауында жеңімпаз атанса, биылғы жылдың ақпан айында Германияда өткен скрипкашылар байқауында екінші орынды иеленді. Ол Латын Америкасы мен АҚШ-та танымал. Ал Еуропада Руслан қазақтың Паганини деген лақап атқа ие болды. Еске сала кетейік, Queen Elizabeth байқауы алғаш рет 1937 жылы өткізілген және ең беделді музыкалық байқаулардың бірі болып саналады.