Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Сені іздедім, махаббат» Сцена театры алғаш рет қазақша қойылым қойды

«Сені іздедім, махаббат» Сцена театры алғаш рет қазақша қойылым қойды

Алматыдағы Сцена театрының репертуарына тағы бір қойылым қосылды. Бұл поэзиялық туындының жөні бөлек. Театр актерлері өз көрерменіне алғаш рет қазақша спектакль ұсынып,  көпшілік қошеметіне бөленді.

«Сені іздедім, махаббат» атты  жаңа әдеби-сазды қойылымда ақынның қиын тағдыры, алғашқы жауапсыз махаббаты мен шым-шытырық оқиғасы баяндалады.  Поэзия әлемінің тұңғиығына сүңгіп, әсем сезімге бөленіп, өмірді сүюді, махаббатты, шынайы сезімді қадірлеуді жырлайтын М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, О.Сүлейменов,  Т. Молдағалиев сынды танымал ақындардың шығармаларынан құралған. Спектакльдің негізі – ақынның өмірі.