Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

"IQanat OFF-Line": Бурабайда ауыл оқушылары туралы сериал түсіріліп жатыр

IQanat мектебінде оқитын ауыл балалары әйгілі "Каникулы OFF-line" франшизасының жұлдыздарына айналады
Бурабайда IQanat мектебінің оқушылары өздері жайлы сериалға түсіп жатыр. Туынды қыркүйек айында қалың көрерменге жол тартады.
Әйгілі "Каникулы OFF-line франшизасының авторлары үздік қазақстандық мектептердің бірі – IQanat мектебін бітіргеннен кейін өмірі күрт өзгеретін ауыл оқушысы туралы сериал түсіруді бастады.
Сериал IQanat республикалық олимпиадасында жеңіске жеткеннен кейін тағдыры өзгерген оқушы Айбол жайлы болады.
Сериалды көрген көрермен бойынан әртүрлі сезімді өткереді. Олар - қуаныш, қиындық, махаббат сезімі.
Жобаның режиссері - "Айман мен Шолпан", "Аңшы бала", "Көзіме қара", "Жаңғақ ағашы" туындыларымен танымал, Пусан кинофестивалінің бас жүлдесін алған Ерлан Нұрмұхамбетов.