Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

"Қоқыстан бұйым жаса": Алматыда эко-хаб ашылды

Екі апта бұрын техникалық режимде іске қосылған Алматыдағы алғашқы эко-хабтың ресми ашылуы болды.
Эко-хаб экологиялық жауапкершілік мәдениетін дамыту, қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді насихаттау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын сіңіру мақсатында ашылды. Бұл орталықта тұрақты негізде білім жетілдіретін лекциялар, шикізаттан бұйымдар жасау бойынша оқыту дәрістері және шеберлік сыныптары өткізілетін болады. Сондай-ақ эко-хабта сұрыпталған қатты қалдықтар қабылданады.