Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Павлодардағы Аймауытов театры «Шәмші» премьерасын ұсынды

Павлодардағы Аймауытов театры «Шәмші» премьерасын ұсынды

Ән падишасының халық аузынан түспейтін, классикаға айналған шығармалары қалай дүниеге келді деген сұраққа жауап іздейтін қойылым зор аншлагпен өтті.
Туған халқын ән бесігіне, вальс ырғағына бөлеген сазгерді есте сақтау мақсатымен Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры «Шәмші» атты спектакль-концертін көрерменге ұсынды.
Қойылымның алғашқы минутынан-ақ залда отырған көрермен Шәмшінің ішкі бұлқынысы мен шабытының иірімдерін айқын сезінді. Драмалық тұрғыда өрбиді деп сендірген прмьера, ойламаған жерден спектакльде Шәмшінің әзілі де жарасып, кейбір тұстарында комедиялық образдары байқалған.
Концерт-спектакльде дирижер Болат Рахымжановтың жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Шәмші Қалдаяқовтың 18 әні шырқалды. Барлық әнді актерлер жанды дауыста орындап шыққан.