Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда «Оркестр түні» өтті

Алматыда «Оркестр түні» өтті

Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ауқымды музыкалық жоба ұйымдастырды.

Ұлттық оркестр «Оркестр түнін» дәстүрлі түрде 5-ші жыл өткізіп жатыр. Іс-шарада қазақ күйлері және әлемдік туындылар орындалды.

Кеш қонақтары ретінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексенұлы, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Толғанай Пазылақын, Халықаралық конкурстардың лауреаты Нұрғалым Аманбай және Диана Исмаил шақырылды.

Сонымен қатар мәдениет қайраткерлері Әсел Әлімбаева, Әсел Жылқышинова, халықаралық конкурстардың лауреаттары Әсел Рақымжан, Асхат Үрпеков өнер көрсетті.

Жобаны «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты қолдады.