Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елордада Жамбыл Жабаев туралы көркем фильмнің тұсауы кесілді

Елордада Жамбыл Жабаев туралы көркем фильмнің тұсауы кесілді

Астанада «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жыр дүлдүлі, айтыс шебері Жамбыл Жабаевқа арналып түсірілген.

Фильмде қазақ әдебиетінің тарихында өшпес із қалдырған ұлы ақын өмірінің соңғы 9 жылы көрінісімен Жамбылдың өміріне әсер еткен оқиғалар баяндалады. Атап айтқанда, ақындар слеті, ақын өлеңдерінің газеттер мен журналдарда жариялана бастауы, Ораз Жандосовпен, Сәкен Сейфуллинмен және тағы басқа қазақтың атақты қоғам қайраткерлерімен кездесуі көретілген.

Кинократинаның режиссерінің айтуынша, фильм Мәскеу мұрағатындағы тарихи деректерге негізделген. Әсіресе, фильмде ақынмен бірге жұмыс істеген Йосиф Гильманның немересі сақтаған мәліметтер пайдаланылған.

Айта кету керек, «Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи картинасы 2021 жылы ақынның 175 жылдығы мерейтойы тұсында түсіріле бастады. Туынды ертеңнен бастап ел кинотеатрларына жол тартпақ.