Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астанада ауқымды «Опералия-2024» халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Астанада ауқымды «Опералия-2024» халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Астанада «Опералия-2024» халықаралық музыка фестивалі басталды. Іс-шараға Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Грузия, Украина және Чехиядан танымал әртістер қатысады. Қазақстанда екінші рет өтіп жатқан фестиваль - опера, балет және симфониялық өнердің көркемдігін айшықтайтын негізгі мәдени іс-шаралардың бірі.
Фестивальдің ашылуында белгілі итальялық әртістер Дезире Ранкаторе, Альберто Газале және Джулио Пеллигра «Астана Опера» солистерімен бірге опера өнері жауһарларынан ариялар орындады.
Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Италия арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. «Опералия» екі ел арасындағы әртістерімен өзара алмасу жоспарларын іске асырудың бір бөлігі болды. Меморандум қазақ мәдениетінің әлемдік мәдени кеңістікте орнығуына мүмкіндік береді.
«Опералия-2024» аясында «Астана Операда» Қытай мен Ресей әртістерінің қатысуымен гала-балет өтті.
Фестиваль қазақстандық опера өнерін насихаттайтын алаңға айналды. Көрерменге Ғ.Жұбанованың «Еңлік – Кебек», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» және «Қамар сұлу» операларынан үзінді қойылды.
Түрлі елдер мен дәуірлердің өнерін біріктіретін фестиваль 13 шілдеге дейін жалғасады.