Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астанада рухани-танымдық хабар тарататын «ALQA» радиосы жұмысын бастады

Астанада рухани-танымдық хабар тарататын «ALQA» радиосы жұмысын бастады

Астанада рухани-танымдық хабар тарататын «ALQA» радиосының ашылу рәсімі өтті.
Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен құрылған интернет-радиода қазақ халқының төл дүниетанымы мен тұрмыс-салты, дәстүрі насихатталады.
Радионың ашылу рәсіміне жергілікті мемлекеттік орган, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен өнер қайраткерлері келді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актер Нұрлан Өнербаев пен Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібеков лента қию рәсіміне қатысты.
«ALQA»-да «Шеберлер алқасы», «Өнер алқасы», «Сахнагерлер алқасы» сияқты бағдарламалар эфирге шығады. Әрі бағдарламаларды журналистер емес, өнердің әр саласына қатысты кәсіби мамандар жүргізетін болады.