Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астанада НҰРЖАМАЛ ҮСЕНБАЕВАНЫҢ І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ вокалдық өнер байқауы өтті

Астанада НҰРЖАМАЛ ҮСЕНБАЕВАНЫҢ І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ вокалдық өнер байқауы өтті

Биыл Астанада бұрын-соңды болмаған мәдени оқиға өтті.
Нұржамал Үсенбаеваның І Халықаралық вокалдық өнер байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен талантты жастар бағын сынауға келді. Байқауды Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Еркеғали Рахмадиеа атындағы мемлекеттік академиялық филармония өткізді.
Байқауға кез келген дауыс түріне ие, 20-35 жас аралығындағы кәсіби вокалшылар қатысты. Өтінімдер 2024 жылғы 1 мамырға дейін қабылданды. Іріктеу кезеңіне қатысуға әлемнің 17 елінен 122 адам өтінім берген. Олар Италия, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Армения, Тайланд, Литва, Украина, Чехия, Ұлыбритания, Тәжікстан, Исландия, Грузия, Хорватия және Қазақстан елдері.  
Байқаудың мақсаты – жаһандық әлемде заманауи отандық мәдениетті ілгерілету, ұлттық вокалдық мектептің дәстүрлерін сақтау, дамыту және арттыру.