Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда «Сильфида» балетінің жаңа қойылымының жабық көрсетілімімен баспасөз-конференциясы өтті.

Алматыда «Сильфида» балетінің жаңа қойылымының жабық көрсетілімімен баспасөз-конференциясы өтті.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің 90-шы мерейтойлық театр маусымын жабылуына орай, композитор Херман Левенскольдтың «Сильфида» балетінің жаңа қойылымының жабық көрсетілімін және баспасөз-конференциясын өткізді.
«Сильфида» балеті — романтикалық хореографияның жаңа дәуірін ашты. Аталмыш балет жас шотланд шаруасы мен ауа періштесінің өмірі бейнеленген екі актілі балет.
Айта кетейік, Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында «Сильфида» балетінің алғашқы сахналық нұсқасы 1984 жылы 31 наурызда Эльза-Марианна Фон Розеннің редакциясында Мариин театрының солисі, балетмейстер және РСФСР Еңбек сіңірген педагогы Ксения Тер-Степанованың қойылымында ұсынылған болатын.